$ 443.85  474.3  4.8

«Сапасы төмен жұмысты қабылдамаймыз»: Нұр-Сұлтанда кейбір аулалар 10 жылдан бері жөнделмеген

Нөсер кезінде «Жастар» шағын ауданының ішкі ауласына су ақпау үшін жауын-шашын кәріздерін төсеу қолға алынған.
фото: astana.gov.kz
фото: astana.gov.kz

Нұр-Сұлтанның барлық ауданында аула мен үй аумақтарында абаттандыру жүріп жатыр. Биыл 150-ге жуық аула абаттандырылады. Олардың кейбірі 10 жылдан астам уақыт бойы абаттандырылмаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов «Жастар» шағын ауданындағы (Байқоңыр ауданы) жұмыс барысымен танысты. Ауданда 50-ден астам тұрғын үйде 14 мыңға жуық адам тұрады. Аталған шағын аудандағы барлық аула абаттандырылады (барлығы 16 аула). Нөсер кезінде «Жастар» шағын ауданының ішкі ауласына су ақпау үшін жауын-шашын кәріздерін төсеу қолға алынған. Елорда әкімі Алтай Көлгінов жұмыс сапасының маңызды екенін атап өтті.

 «Біз осы аудандарда тұратын тұрғындар үшін аула іші аумақтары мен ойын алаңдарын жасаймыз. Аулаларды абаттандыруда тұрғындардың пікірін ескеру қажет. Ол үшін биыл барлық аудандар бойынша «Қатысу бюджеті» бағдарламасы іске қосылды. Қай ауланы абаттандыру керек екенін және ойын алаңында нені көргісі келетінін тұрғындардың өзі шешеді. Ең алдымен, жұмыс тиісті деңгейде орындалуы керек, біз сапасы төмен жұмысты қабылдамаймыз. Сондай-ақ аудандарды көгалдандыруға ерекше назар аудару қажет. Биыл қалада 30 мыңға жуық ағаш отырғызылады», – деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов.

Сонымен қатар, биыл елордада 50-ге жуық қоғамдық орын (саябақтар, алаңдар және басқа да көпішілік орындар) абаттандырылады

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары