$ 498.34  519.72  4.85

Панфиловшылар туралы шындықты айтқан архив директоры қызметтен кетті

Ресей мемлекеттік архивының директоры Сергей Мироненко қызметінен босатылды. Бұл жайында Росархив басшысы Андрей Артизов мәлімдеді деп жазады РИА Новости.

Артизовтың айтуынша, Мироненко жұмыстан өз еркімен кеткен. Басшылық қызметтен кетсе де ол сол архивтің ғылыми жетекшісі болып қала бермек. Ал, мекеме директорының міндетін Мироненконың орынбасары болып келген Лариса Роговая атқаруда. "Ол өзі сұранды қызметтен босатуын. Айтуынша, ғылыммен айналысқысы келеді. Біз оның тіпті, жалақысын қысқартпауды жөн көрдік. Ол бұған дейін айналысқан жобаларымен одан әрі айналыса беретін болады. Ол керемет маман" деді Артизов.

Естеріңізге салайық, былтыр сәуір айында "Коммерсантъ" газетіне сұхбат берген Мироненко 28 понфиловшының ерлігін ойдан құрастырылған аңыз деп мәлімдеген болатын. Ол сөзіне дәлел ретінде архивтегі құпия сақталып келген құжаттарды көрсетті. Ал, Иван Панфиловтың немересі қазақстандық Айгүл Байқадамова болса мемлекетаралық комиссия құрып, тарихқа қиянат келтірмеуді талап етті. Ол өз атасының және оның дивизиясының расымен де ерлік көрсеткенін дәлелдейтінін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары