$ 442.05  474.14  4.74

Ержүрек жігіт көрші үйдің 7 мүшесін өрттен құтқарып қалды

Оқиға орнына алғашқы өрт сөндіру бөлімшесі төрт минут ішінде жеткен.

23 мамыр сағат 04.26-да Темір ауданы Шұбарқұдық ауылы Жаңақұрылыс көшесі №1 жеке үйдің кіреберісі және шатыры өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Өрт орнына сағат 04.27-де Ақтөбе облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №16 өрт сөндіру бекетінің жеке құрамынан 6 адам, 2 автокөлік шыққан.

"Өрт сөндірушілер келгенге дейін өртті байқаған көршісі Медет Қалмұханов терезені сындырып, үй ішіне кіріп, ұйықтап жатқан 7 адамды, оның ішінде 3 бала, 1 жүкті әйелді далаға шығарып үлгірген. Ол өзінің сол сәтте бірнеше минутқа кідірмей, бір отбасыны аман алып қалғанына қуанышты", - делінген хабарламада.

Оқиға орнына алғашқы өрт сөндіру бөлімшесі төрт минут ішінде жеткен. 100 шаршы метрден асатын үйдің шатыры мен кіреберістің өртенуі сағат 05.04-те оқшауланып, сағат 05.56-да өрт толық сөндірілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары