$ 441.58  480  4.86

Биыл Нұр-Сұлтанда екі жаңа көпір ашылады

Елордада осы жылы жалпы ұзындығы 100 км болатын 150 көше жөнделіп, кейбіреуі жаңадан салынбақ.
фото: astana.gov.kz/kz
фото: astana.gov.kz/kz

 Нұр-Сұлтанда 2020 жылы көліктер қатынай алатын екі көпірдің құрылысы аяқталады. Бұл қаланың көлік желісін едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді. Қала әкімі Алтай Көлгінов Есіл өзені арқылы өтетін көпір құрылысы барысымен танысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Нұр-Сұлтан әкімдігіне сілтеме жасап. 

Көпір құрылысы биыл аяқталады. Оң және сол жағалауды қосатын көпір (Есіл өзені арқылы) Мәңгілік Ел даңғылы, Ж. Нәжімеденов, А. Байтұрсынов, Р. Қошқарбаев көшелеріндегі, Нова сити кешеніндегі, "Мыңжылдық" аллеясындағы шамадан тыс жүктемені азайтуға, жаңа "Нұрлы жол" вокзалының қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Көпірлердің санын арттыруды ел басшылығы тапсырды. Биыл Нұра – Есіл арнасы арқылы Ұлы Дала даңғылындағы көпірдің құрылысы аяқталады. Сонымен бірге Есіл өзені арқылы Тәуелсіздік даңғылында жаңа ванттық көпірді салуды жоспарлап отырмыз.

Мұнан бөлек, елордада жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл жалпы ұзындығы 100 км болатын 150 көше жөнделіп, кейбіреуі жаңадан салынады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары