Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау және саяси партиялар туралы заңдарға өзгеріс пен толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.