$ 444.32  473.33  4.76

ШҰҒЫЛ: Қарағанды - Теміртау трассасында 17 көліктің қатысуымен жол апаты орын алды (ВИДЕО)

Қарағанды облысындағы "Қарағанды-Теміртау" трассасында 17 көліктің қатысуымен ірі жол көлік оқиғасы орын алды деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Жол апаты Қарағанды мен Теміртау қалаларының арасында орын алған. Салдарынан қозғалысқа шектеу қойылып, ұзын-сонар көлік кептелісі пайда болды. Қазіргі таңда апат болған жерге жол белгілері қойылып, өзге көліктерге ескерту жасалуда. Тәртіп сақшылары жұмыс істеуде.

"Көліктердің соқтығысқаны жайында ақпарат сағат 17:50-де келіп түсті. Алдын ала болжам бойынша, жаппай жол апатына ауа райының қолайсыздығы себеп болған. Атап айтқанда, бұрқасындатып, жолдың көктайғақ болуынан көліктерінің тежегіші тоқтауға көмектеспеген. Барлығы 17 көлік соқтығысты. Қазір оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде" дейді Қарағанды облыстық ІІД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары