Жаңалықтар 17.03.2016 сағат 17:06

Қазақ аналарына арналған сайт ашылды

Қазақ аналарының қадір-қасиетін асқақтатып, ұлттық құндылықтарды насихаттайтын жаңа сайт ашылды. «Ел анасы» деп аталатын бұл интернет ресурсы осы аттас журналдың электронды нұсқасы болып саналады.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Сайтта ана келбеті, аналарға қатысты ел аузындағы аңыз-әпсаналар, бала тәрбиесіне, ананың қоғамдағы орынына көңіл бөлінген. Мақалалар «Аңыз ана», «Абысын тату болса...», «Кейіпкер келбеті». «Әжемнің әңгімесі», «Анаға тағзым», «Ананың көңілі балада», «Қазақ қызы», «Шын-ар», «Назым», «Анаға тілек», «Қолыңды бер, қалқатай» сынды көптеген айдарларға топтастырылған сайт аналарға, қыз-келіншектерге және ана мен бала, қыз тәрбиесі сынды тақырыптарға бей-жай қарамайтын оқырмандарға арналып отыр. 

«Ел анасы» журналы мен сайтының бас редакторы әрі Қазақ радиосының журналисі Мәдина Махамбетқызы ақпарат құралының мән-маңызына тоқтала келе: «Қазіргі қоғам АНАҒА зәру! АНАНЫҢ аялы алақанына зәру! «Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен» Аналар бүгін бар ма? Бар болса қайда?! Ұрпағың азарда Анаң ардан безер. Ал бүгін ұрпағымыз азып барады дегенді көп естиміз. Сонда Ана деген ардақты атқа дақ түскені ме? АНА есімі бүкіл адамзатқа ортақ. Демек, Алланың бары қанша ақиқат болса, әр адам баласының да Анасының болары ақиқат! Адамға ауа қанша қажет болса, Ел болуда, ұрпақ өсіруде Ананың алар орны да сонымен тең! «Ел Анасы» журналының да ұстанған бағыты осы болмақ. Күллі адамзаттың өміріне нұр сыйлаған Аналар ғұмырының жарқын жақтары мен тағдырының тәлімді тұстарын ұрпақ кәдесіне жарата білу. Журнал аты айтып тұрғандай, Елге Ана бола білген жандарды дәріптеуді көздеп отыр»,-деп жазыпты.

«Қазақ даласы ерлік пен рухқа толы. Ол қашанда ұлын ұлықты, қызын қылықты етіп өсірген. Ұлықты ұлдары ұлағатты ұрпақ әкелсе, қылықты қыздары қырық рулы елге билік айтар даналарға тәрбие бере білген. Ұрпақ сабақтастығы, дәстүр жалғастығы мен тал бесіктен басталар тәрбиенің негізі Аналардың аялы алақанынан, мейірімді жүректерінен басталары сөзсіз. Олай болса, «Ел Анасы» – адамзаттың, азаматтың Анасы, Ұлт Анасының аялы алақаны болу үшін барша қазаққа қызмет етпек!»-деп лебізіні білдіріпті журналдың һәм сайттың бас редакторы.

Kaznews

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар