$ 494.87  520.65  4.91

«Жағдай ушығып жатыр»: Мемлекет басшысы пандемияның екінші толқынына дайын болуды тапсырды

Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысын күшейту керек.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда коронавирустың екінші толқынына дайын болуды тапсырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Мен осыған дейін айтқанымдай, біз коронавирустың екінші толқынына дайын болуымыз керек. Жағдай ушығып жатыр, біздің елде де, басқа елдерде де қауіпті инфекция анықталып жатыр. (...) Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысын күшейту керек", - деді Тоқаев  Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бүгін шұғыл брифинг өткізіп, карантиндік шаралар жеңілдетілгеннен кейін елдегі коронавирустық ахуалдың қиындап кеткенін айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары