$ 498.34  519.72  4.85

Қарағанды облысындағы ірі жол апатынан зардап шеккендер саны 68 адамға жетті (ВИДЕО)

Кеше Қарағанды облысындағы "Қарағанды-Теміртау" трассасында орын алған ірі жол апаты салдарынан зардап шеккендер саны 68 адамға жетті деп хабарлайды Tengrinews.kz. Айта кетейік, ауа райының күрт бұзылуынан аталған тас жолда 17 көлік соқтығысқан болатын.

Қарағанды облысында 17 наурыз күні дауылды жел тұрып, бұрқасындатты, жолдарда көктайғақ пайда болды. Төтенше жағдайлар қызметі СМС хабарлама арқылы облыс тұрғындарының барлығына жолға шықпау туралы ескерту жасағанымен, оған құлақ асқандардың саны көп болған жоқ.

Көктайғақ салдарынан Қарағандыдан Теміртауға барар жолда 17 көлік соқтығысса, тағы жүздеген көлік ұзын-сонар кептелістен шыға алмай қалған. Бұл күні дәрігерлердің көмегіне барлығы 68 адам жүгініпті. Олардың біразы оқиға орнынан шұғыл емдеу орталықтарына жеткізілген. 15 науқас ауруханаға жатқызылса, тағы 14-ін дәрігерлер күндізгі стационарда емдеп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары