$ 443.35  475.54  4.82

БҚО-да коронавирустан бір адам көз жұмды

Жұқтырғандардың саны елімізде 10 858-ге жетті.

БҚО-да тағы бір адам коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

"Батыс Қазақстан облысында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. Науқас 1967 жылы туған. Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Мұның алдында екі адам Шымкентте және Павлодар облысында коронавирустан қайтыс болғаны хабарланған. Осылайша бір күнде елде 3 адам қайтыс болды. Қазақстан бойынша барлығы 41 адам қайтыс болды.

Жұқтырғандардың саны елімізде 10 858-ге жетті. 5 220 адам аурудан айықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус