Бүгін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев индустриялық аймақтағы жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Карантин шараларының бәсеңсуіне байланысты кәсіпорындар бұрынғы жұмыс ырғағына оралуда, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Өткен жылы Индустриалды аймақтың жұмыс істеу принципін қайта қарастырдық. Қалаға экономиканың нақты секторын қайтарып, дамыту қажет.
Бүгінде 12 жоба жүзеге асырылды. Тағы 46 жоба іске асырылу сатысында тұр. Соның 10-ын биыл, ал 23-ін келесі жылы іске қосуды жоспарлап отырмыз. Барлық 58 жобаның инвестициясының жалпы сомасы 248 млрд теңге. Тамақ пен медицина өнеркәсібі, логистика, құрылыс және автомобиль жасау саласындағы жоғары білікті мамандар үшін 8,5 мың жұмыс орны құрылатын болады.
Атап айтқанда, энергиялық тиімді сәулеттік қасбеттер зауыты салынуда. Кәсіпорын жоғары сапалы энергия үнемдейтін ПВХ және алюминий профильдік құрылымдарды шығаруды жолға қойып отыр. Оның қуаты - жылына 475 мың шаршы метр. Ал жобаның құны - 3,8 млрд теңгені құрайды. 80 жұмыс орны ашылады.
Бірінші кезеңі өткен жылдың соңында басталған Hyundai Trans Kazakhstan автоқұрастыру зауытында жылына 45 мың автокөлік шығарылады. Жұмыс көлемнің 75%-ын Қазақстанда, 25% - ын таяу шет елдерде іске асыру жоспарлануда. Екінші кезеңді іске қосу ағымдағы жылдың күзіне жоспарланған. Бояу, дәнекерлеу және басқа да өндірістік автоматтандырылған желілер ашылатын болады. Бұл ретте, кәсіпорын оқшаулау үлесін 5 жыл ішінде бір модель үшін біртіндеп 50%-ға дейін өсіре отырып жеткізетін болады. Жобаның жалпы құны 25 млрд теңгені құрайды. Мұнда 700 жұмыс орны ашылады.