Алматыда жыл соңына дейін 380 «Сергек» бейнебақылау камераларын орнату жоспарланып отыр.Полицияның мәліметінше, 4 айдың қорытындысы бойынша жол-көлік оқиғалары 28,4% – ға азайған, – деп хабарлайды Sn.kz.
«Апаттар санының азаюы «Сергек « АПК бейнебақылау камераларын орнатумен байланысты. Қазіргі уақытта Алматыда 404 «Сергек» камерасы жұмыс істейді. 2020 жылдың аяғына дейін қосымша 380 камераны (210 жол қиылысы, 170 сызықты аймақтарда) орнату жоспарлануда. 2020 жылдың 4 айында «Сергек» АПК камераларының көмегімен 60 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы анықталды. 436 миллион теңгеден астам сомада айыппұл салынды. Сондай-ақ, қалада 105 постан тұратын «БДД» ААЖ құрылды. Камералар орнатылған жерлерде жыл сайын жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы 20% -ға төмендеуде», - деді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов. Жалпы жыл басынан бері қала жолдарында 214 506 жол ережелерін бұзу фактілері анықталып, 1,2 миллиард теңгеге айыппұл салынды.
«Әкімшілік жауапкершілікке 76 648 ереже бұзушы тартылды, оның ішінде 74 479 жүргізуші, ал 276 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталған. Сот 379 жүргізушіні көлік құралын басқару құқығынан айырды. 235 жүргізуші әкімшілік қамауға алынды», - деді Қанат Таймерденов.
Сондай-ақ, Алматыда полиция қызметкерлері аялдамалар мен қоғамдық көлік салондарына видеокамералар орнатуды ұсынуда.
«Қалада 2 мың аялдама пункті бар, онда бейнебақылау камералары жоқ. 1771 қоғамдық көлік бар. Олар да толықтай бейнебақылаумен жабдықталмаған», - дейді Қанат Таймерденов.
Ұрлықтың алдын алу және азайту маұсатында полиция әкімдікпен бірлесіп, аялдамалар мен қоғамдық көлік салондарына бейнебақылау камераларын орнатуды көздеп отыр. Бұл қалта ұрыларын тез анықтауға мүмкіндік береді. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жалпы мегаполистегі қылмыс 44 % -ға төмендеген.