$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда 96 миллион теңгеге әжетхана салынады

Әрқайсысының құны – 9,65 миллион теңге!
Фото: ашық дерек көзінен
Фото: ашық дерек көзінен

Алматы қаласында Медеу ауданындағы 10 көшеге 10 әжетхана орнатылмақ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Oinet.kz-ке сілтеме жасап. 

Әрқайсысының құны – 9,65 миллион теңге!

Медеу ауданының әкімдігі «Мемлекеттік сатып алулар» сайтында әлгіндей әжетханаларға тапсырып берген. Әуелде әкімдік 10 әжетханаға деп, бюджеттің 137,9 миллион теңгесін «арнаған» екен. 10 көшеге орнатылатын қоғамдық әжетханаларға соншалық сома бөлмек болған. Содан, «Алтай ҚазИнжиниринг» ЖШС шығып, «ең жақсы» баға ұсыныпты. 96,5 миллион теңге!

Бір әжетханаға 9,65 миллион теңгеден… «Бұл әжетханалар жақсы, модульді, бұзылмайтын, толығымен металл болады. Кәріз жүйесі бар жерлерде соған жалғаймыз. Басқа жерлерде биотуалеттер болады. Біз «Alma Mater» ЖШС-ға екі әжетханаға тапсырыс бердік. Бір айдан кейін Республика сарайы мен «Медеу» маңына қойылады. Сосын әкімге көрсетеміз.

Егер мақұлдаса, қалғандарын жеткіземіз», – депті компания басшысы Ерлан Исаев. Сөйтіп, әлгі әжетханалардың нобайы-нұсқасын суреттен көрсетіпті. Міне, қараңыз: Бюджеттің қыруар қаржысына алынып жатқан әлгі әжетханаларды орнататын орындар да белгіленіп қойылған-мыс.

«Медеуге», «Бутаковкаға», «Тереңкөл» демалыс орнына, «Есентай» өзенінің бойына, Абай паркіне, Орталық мешітке т.б. Тапсырыс бойынша бұл әжетханалар 3 айдың ішінде орнатылып бітуі керек. Тапсырысты орындаушы – ең кемінде 12 жұмыс орнын тауып беруге, сөйтіп ол орындарға Алматы қаласының жұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұрған жұмыссыздарды қабылдауға міндетті екен.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың қарашасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жол бойындағы дәретханалардың сұмдық жағдайы туралы айтқан еді. Кейін Қазақстанда жол бойына 260 әжетхана орнатылатыны белгілі болды. Оның 22-сі 2020 жылға жоспарланған.

Ондағы бір әжетхананың бағасы 23 миллион теңге деп көрсетілген. Өз кезегінде, бұл ақпарат қоғамда қызу талқы тудырған. Енді міне. Алматыдағы Медеу ауданының әкімдігі бюджеттің 96,6 миллион теңгесіне «туалет» сатып алуды жоспарлап, келісіпті…

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#әжетхана