$ 448.15  483.46  4.86

Алматыда салынып жатқан мектептен өрт шықты (ВИДЕО)

Өртті сөндіру үшін жеке құрамнан 17 адам және 4 техника тартылды.

Медеу ауданында салынып жатқан жекеменшік мектептің құрылысында газ баллоны жарылып, өрт шықты. Өрт 700 шаршы метр аумақты қамтыған. Куәгерлер оқиға орнынан видео таратып жатыр. Өртті сөндіру үшін жеке құрамнан 17 адам және 4 техника тартылды.

«Сағат 13:55-те Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары Медеу ауданындағы Сағадат Нұрмағамбетов көшесі 150 мекенжайында шыққан өрт туралы куәгердің шақыртуы бойынша жіберілді. Өрт сөндіру бөлімдері келгенде газ баллоны жарылып, салынып жатқан екі қабатты ғимараттың төбесі жанып жатты. Өрт сөндірушілер сағат 14:23-те жағдайды реттеп, өрттің көршілес ғимараттарға тарауына жол берілмеді», - деп хабарлады Алматы қаласы ТЖД баспасөз хатшысы Гүлдана Нұрымбетова.

Дереккөз: Азаттық рухы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#құрылыс