$ 494.87  520.65  4.91

50 мың теңгені үшінші рет кімдер алатыны белгілі болды

110 мыңға жуық отбасыға қосымша атаулы қаржылай көмек көрсетіледі.
Фото: ашық дерек көзі
Фото: ашық дерек көзі

Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек 50 мың теңге көлеміндегі ақшалай көмекті тағы кімдер алатынын айтты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Кеше Елбасы, партия көшбасшысы Нұрсұлтан  Назарбаев 50 мың теңге көлемінде біржолғы төлемді үшінші рет беруді тапсырды. Осы аптада ірі қалаларға жақын орналасқан шағын қалалар, ауылдар мен елді мекендердегі мұқтаж санатына кіретін 110 мыңға жуық отбасыға қосымша атаулы қаржылай көмек көрсетіледі", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Оның айтуынша, көмек көрсетудің бірінші және екінші кезеңі аясында 23 қаладағы 360 мыңнан астам отбасы 50 мың теңгеден біржолғы төлемақы алған.

«Nur Otan» партиясы мен Тұңғыш Президент Қорының ұйымдық қолдауымен «Birgemiz» қорының іске асырып жатқан тиімді де ашық жұмысы ірі меценаттардың көкейіне сенім ұялатып отыр. Осылайша таяу уақытта тағы да қосымша қаражат түседі деп күтілуде. Осыны ескерген Елбасы тікелей ауыл тұрғындарына басымдық бере отырып, мұқтаж қазақстандықтарға атаулы көмек көрсетудің төртінші кезеңін іске асыру мүмкіндігін пысықтауды тапсырды", - дейді Б. Байбек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#көмек