Жаңалықтар 01.06.2020 сағат 11:57

Ғалымдар Абай мұрасы жайлы ой қозғады

Аталған шара хакім Абайдың 175 жылдығына орай ұйымдастырылды
Ғалымдар Абай мұрасы жайлы ой қозғады
Фото: ашық дерек көзі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қызылордадағы «Рухани жаңғыру» орталығы мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушы-профессорларының атсалысуымен «Абай шығармалары – ғасырлар биігінде» атты онлайн семинар өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Республикалық деңгейде ұйымдастырылған шараға еліміздің белгілі ғалымдары қатысып, Абай Құнанбайұлының шығармашылығы туралы пікір алмасты. Аталған шара хакім Абайдың 175 жылдығына орай ұйымдастырылды.

 «Zoom» платформасы арқылы өткен семинар барысында Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімінің меңгерушісі, профессор Серікқазы Қорабай «Абай поэзиясының ренессанстық сипаты» тақырыбында ой өрбітті. Одан әрі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінен қатысқан ғалым Шойынбет Жабал «Хакім Абай даналығы» жайлы сөз етті. Ал, Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Гүлжаһан Жұмабердіқызы «Қазіргі драматургиядағы Абай бейнесі» тақырыбында салмақты пікірін білдірді.

 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғалымдары да Абай туындылары жайлы өз мағлұматтарымен бөлісті. Доцент, филология ғылымдарының кандидаты Алдажар Әбілов «Абай аудармалары және ақындық шеберлік» атты баяндамасын көпшілік назарына ұсынса, ҚМУ-дің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ұлжан Жанбершиева Әлішер Науаи мен Абай шығармаларының үндестігі жайында айтып өтті.  
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар