$ 498.34  519.72  4.85

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды карантин талаптарын сақтауға шақырды

Ол үкіметтік комиссияның барлық іс-әрекетіне қарамастан, індетке шалдыққан азаматтар саны азаймай отырғанына алаңдаушылық білдірді.

Тоқаев қазақстандықтарды карантин режимін сақтауға шақырды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Отандастарымызды жаппай ауруға шалдығудан қашып, індеттен қорғанудың жолдарын (арақашықтықты сақтау, дезинфекция, жеке тазалық, бетперде тағу) ұстануға тағы да шақырамын", - делінген Twitter-дегі парақшасында.

Ол үкіметтік комиссияның барлық іс-әрекетіне қарамастан, індетке шалдыққан азаматтар саны азаймай отырғанына алаңдаушылық білдірді.

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынының қаупі сейілмегенін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да растап отырғанын атап өтті.

Соңғы ақпарат бойынша барлығы елде 12 067 адам вирус жұқтырған. 6 240 тұрғын жазылып шықты, 48 адам көз жұмды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары