$ 443.85  474.3  4.8

Қаржы пирамидасын құрумен айналысқан 38 қылмыстық топ анықталды

Елде мұндай ұйымдарды трансұлттық қылмыстық топтар да ұйымдастырған.
Фото: ашық дерек көзі
Фото: ашық дерек көзі

Қазақстанда Ресей мен Испания азаматтары қаржы пирамидаларын ұйымдастырды. Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаровтың айтуынша, үш жыл ішінде елде қаржылық пирамидалар құрумен айналысқан 38 қылмыстық топ анықталды, біреуі трансұлттық топ, деп хабарлайды Forbes.

«Біздің министрлік қаржы пирамидасын құрған Қазақстан, Ресей және Испания азаматтарына қатысты қылмыстық істі тергеді. 2019 жылдың желтоқсан айында оларды ұзақ мерзімге 8 жылдан 10 жылға дейін соттады. Бұл топтың келтірген шығыны 9 миллиардтан астам теңгені құрады», - деп хабарлады Заппаров.

Соңғы үш жыл ішінде ІІМ мәліметі бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 217 бабы бойынша 42 қылмыстық іс қозғалып, олар бойынша 975 эпизод тергелді. Сонымен, 2017 жылы - 11 іс, 2018 жылы - 9 іс, 2019 жылы - 10, ал бүгінде 12 қылмыстық іс тіркелген.

Сонымен қатар, вице-министр атап өткендей, қазіргі уақытта құқық қорғау органдары «Гарант 24 ломбард» ЖШС, «Эстейт ломбард» және «Выгодные займы» қаржы ұйымдарының басшыларына қатысты қылмыстық істерді тергеу үстінде.

«Бұл компаниялардың филиалдары 15 өңірде жұмыс істеді, 39 мыңнан астам адам тартылды. Бүгінгі таңда 9393 азамат өтініш білдірді, істі тергеу министрлік басшылығының бақылауында», - деді Заппаров.

Дереккөзі: азаттық рухы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары