$ 498.34  519.72  4.85

Ақтөбеде көлік жүргізушісі жол полицейін бірнеше метрге дейін сүйреп әкеткен

Ақтөбеде жол-патрульдік полициясының қызметкерін көлік жүргізушісі капотына іліп алып, бірнеше метрге дейін сүйреп әкеткен. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға 24 наурыз күні кешкі сағат 18:00-де орын алған. «Хонда» маркалы автокөліктің жүргізушісі Ш.Уәлиханов көшесінің бойында жол ережесін бұзып, тәртіп сақшыларының "тоқта" деген бұйрығына бағынбай, қашып кетпек болған. Ал, оның жолын бөгемек болған полицейді жүргізуші көлігінің капотына іліп алып, бірнеше метрге дейін сүйреп әкетіпті. Салдарынан полицей тізесінен жарақат алды.

Әріптесін аман алып қалу мақсатында екінші тәртіп сақшысы қызметтік көлігімен «Хонданы» соғып тоқтатқан. Қазір бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғалып, заң бұзған жүргізуші қамауға алынды. Оған билік өкіліне қарсы күш қолданды деген айып тағылып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары