$ 498.34  519.72  4.85

Қаңтар айында жоғалып кеткен қарағандылық жігіттің өлі денесі табылды

Қаңтар айының басында із-түссіз жоғалып кеткен қарағандылық Айбек Мұстақаевтың өлі денесі табылды деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мәйіт 24 наурыз күні Абай қаласындағы (Қарағанды облысы) №2 шағынауданда орналасқан су тазарту қондырғысының жанынан табылған. Айбектің туыстарының айтуынша, марқұм бас сүйегінің сынуынан және миына қан құйылудан қайтыс болған. Мәйітті Мұстақаевтың әкесі танып, растаған.

"Айбектің денесі қаланың сыртынан табылды. Денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері бар. Мәйіт ол жерде аз күн жатпаған. Егер оның денесін дер кезінде тапқан кезде қылмыскерлердің ізіне шығуға болатын еді. Бүгін жаназасы. Біз қылмыскерлерді тауып, жазалауын талап етіп отырмыз" дейді марқұмның әпкесі Гүлзат Қаппасова. Ал, ішкі істер органдары бұл жайтқа байланысты әлі ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Естеріңізге салайық, Айбек Мұстақаев 3 қаңтар күні Қарағандыда жоғалып кеткен болатын. Ол сүйіктісіне бармақ болып үйінен шыққан да қайта оралмаған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары