$ 449.58  486.94  4.86

Өртеніп жатқан мектептің шатырында тұрған адам ерекше әдіспен құтқарылды (ВИДЕО)

Әлеуметтік желілерде адамның өрттен құтқарылған сәті түсірілген видеосы жарияланды.

Алматыда салынып жатқан мектептің шатыры өртеніп, ер адам ерекше жағдайда құтқарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әлеуметтік желілерде адамның өрттен құтқарылған сәті түсірілген видеосы жарияланды. 

"Құрылыс кранын пайдаланып қара түтін мен қызыл жалыннан жұмысшы құтқарылды", – деп жазды автор Instagram желісінде.

Айта кетейік, 3 маусым күні Алматы қаласының Медеу ауданындадағы Сағадат Нұрмағамбетов көшесінде салынып жатқан мектеп ғимаратында өрт болған. Өрт құрылыс нысанының шатырын түгел шарпып, газ баллон жарылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары