$ 447.4  477.55  4.76

Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайының жаңа коды ресми түрде қолданысқа енді

Енді TSE ескі код саналады.

Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайында жаңа код - NQZ үлкен әріптері қойылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл код бүгін 2020 жылғы 8 маусымда берілді. Енді TSE ескі код саналады. 

Бұдан әрі әуе билеттерін брондағанда, жүк сөмкесінде, ақпараттық таблоларда әуежайдың жаңа коды - NQZ қолданылады.

Әдетте, код қаланың немесе әуежайдың атына байланысты қойылады. 1961 жылдан бастап әуежайда TSE коды болды. Ол кезде қала Целиноград деп аталатын. 2017 жылдан бастап астаналық әуежайдың кодын өзгерту туралы келіссөздер жүргізілген. Сол жылы әуежайдың атауы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне орай өзгертілген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары