$ 442.05  474.14  4.74

Астана әуежайында Bek Air ұшағы дөңгелексіз қонды (ФОТО)

Бүгін Қызылордадан ұшып шыққан жолаушылар ұшағы Астанада апатты жағдайда қонды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Оқиғаны куәгерлер фотоға және видеоға түсіріп алған.

Bek Air әуе компаниясына тиесілі ұшақтың алдыңғы шассиі шықпай қалып, ол әуежайға дөңгелексіз қонды. Куәгерлердің айтуынша, оқиға таңғы сағат 10:30 шамасында орын алған. Осы апатты жағдайдан кейін Астана әуежайы 13:00-ге дейін өз жұмысын уақытша тоқтатты.

Әзірге құзырлы органдар ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Ұшақ бортында қанша жолаушының болғаны, олардың жағдайы жөнінде қосымша хабарланатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары