Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов ерекше күтімді қажет ететін балалары бар аналармен кездесті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл жайлы әкім әлеуметтік желідегі парақшасында арнайы жазба жариялады. Оның жазуынша, кездесу барысында тұрғын үй, медициналық көмек және қосымша білім алу, жұмысқа орналасу, балаларды оңалту үшін жағдай жасау мәселелері көтерілген.
"Ерекше қажеттілігі бар балалардың күтімімен айналысып отырған аналармен кездестім. Осы бағыттар бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Оңалту орталықтарының желісін кеңейтеміз, ипподром базасында иппотерапиямен айналысуға арналған жабық манеждің құрылысы басталды. Сонымен бірге жаңа тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатында әлеуметтік нысандар ашылады (балаларға арналған шағын орталықтар, оңалту орталықтары, балабақшалар). Инватакси саны екі есе артты. Медициналық көмек алуға, жұмысқа орналасуға және қосымша білім алуға көмектесеміз. Кездесуде айтылған мәселелер жұмысқа алынды", - деді А.Көлгінов.