$ 444.22  476.38  4.82

Қостанайды су алып кетті (ВИДЕО)

Қостанайды еріген қар суы бірнеше көпқабатты үйдің ауласын үлкен көлге айналдырды деп жазады top-news.kz. Жертөлелер суға толып қалғандықтан тұрғындар ғимараттардың шөгуі мүмкін екенін айтып отыр.

Жергілікті биліктің күші жетпегендіктен мұндағы халық қар суын өздері тазалап жатыр. Әсіресе, №9 шағынауданда орналасқан тұрғынүйлер мен аулалар су астында қалған. Тұрғындар мұны бейнекамераға түсіріп, әлеуметтік желілер арқылы бөлісуде.

«Біз өз күшімізбен және өз қаржымызбен суға тосқауыл қойып жатырмыз. Ешкім көмек беріп жатқан жоқ. Тоғыз қабатты үйдің жертөлесі суға толды, енді үй шөгеді ме деп қорқып отырмыз. Ал, балаларымыз мектепке бара алмай қалды» дейді наразылық танытқан тұрғындардың бірі.

Қостанайлықтардың айтуынша, аулаларды еріен қар суы жыл сайын басып қалады екен. Әкімдіктегілер көңіл бөлмегендіктен қар да уақытылытазаланбайды дейді олар. Енді халықтң соңғы үміт жаңадан сайланған депутаттарда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары