$ 498.34  519.72  4.85

Жүргізуші куәлігін енді оқымай-ақ алуға болады

Қазақстандықтар бұдан былай жүргізуші куәлігін арнайы автомектептерде оқымай-ақ ала алатын болды. Бұл жайында бүгін журналистермен кездескен ҚР Ішкі істер вице-министрі Ерлан Тұрғұмбаев мәлімдеді.

Енді мотоцикл және жеңіл көлік басқаруға қажетті куәлікті алу үшін азаматтар өздігімен дайындалып, арнайыландырылған ХҚКО-да емтихан тапсыратын болады.

"Сіз жол жүру ережелерін үйіңізде жатып-ақ үйренесіз. Ал, тәжірибе жүзінде арнайыландырылған ХҚКО-да өзіңізді сынайтын боласыз. Ол жерде арнайы көліктер мен алаң бар, тәжірибелік емтихан сонда тапсырылады. Егер көлік жүргізу қолыңыздан келіп тұрса онда оқудың не қажеті бар?! Бұл жаңа бастама сәуір айынан бастап заңды күшіне енеді" дейді вице-министр.

Сондай-ақ, жаңа заңға сәйкес, көліктің техникалық құжатын қайта жасатқанда "темір тұлпарыңызды" қосымша тексеруден өткізудің қажеті жоқ. Тіпті, жүргізуші куәлігінің мерзімі аяқталғаннан кейін қайта емтихан тапсырмау мәселесі де қазіргі таңда Мәжілісте қаралып жатыр. Егер заң мақұлданса аталған құжатты жай ғана ауыстырып алуға болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары