$ 445.66  474.58  4.78

Атақты қазақстандық спортшы қайтыс болды

Ол бірнеше рет ел чемпионы болған.
фото: fightexpress.ru
фото: fightexpress.ru

Қазақстан спортының ардагері Серік Әбденәлиев көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Марқұм болған азамат кезінде бірнеше рет Қазақстан чемпионады болған. Бокстан халықаралық бірнеше жарысқа төрелік еткен.

фото:facebook.com/boxingkazakhstan

"Отандық спорт ардагері мен аңызы Серік Әбденәліұлы Әбденәлиев өмірден озды. Ол бүкіл өмірін боксқа арнаған болатын. Серік Әбденәліұлы атақты спортшы ретінде, ол бірнеше рет ел чемпионы болған, сонымен қатар мемлекеттік жаттықтырушы ретінде - оның басшылығымен боксшылар Атлантада төрт олимпиадалық медальді жеңіп алды, және де Сидней қаласында бокстан олимпиадалық жарыстарды төре еткен бірінші қазақстандық төреші ретінде танылды. Федерация Серік Әбденәліұлының туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады", - делінген Қазақстан бокс федерациясының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.  

Естеріңізге сала кетейік, Серік Әбденәліұлы 1939 жылы 28 ақпанда дүниеге келген. Алматы облысы, Жамбыл ауданының Қаракестек ауылының тумасы. Ол небәрі  19 жасында республика чемпионы атанып, кейін КСРО спорт шебері атағына қол жеткізген. Бокстан тәжірибе жинай келе,  спорттан білген-түйгендерін өзінен кейін жастарға үйретіп, ұстаздық қызмет атқарған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары