$ 494.87  520.65  4.91

Үкімет ертең эпидемиологиялық жағдайға байланысты маңызды мәлімдеме жасайды

Олар тіпті, "қажет болса, шалғай ауылдардың тұрғындарын тестілеуден өткізу үшін және ауруларды бос емханаларға эвакуациялау үшін санитарлық пойыз ұйымдастыру керек", - деп санайды.
фото: ehonews.kz
фото: ehonews.kz

Үкімет ертең эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға байланысты шараларды жарияламақ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Азаматтардың карантин режимін жаппай сақтамауы салдарынан коронавирус індетінің таралу қаупі күшейіп тұр. Дегенмен, Үкіметтің бақылауында. Ертең Үкімет эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға байланысты және тестілеу ауқымын кеңейту туралы шараларды жариялайды", - деп жазды президент Twitter-дегі парақшасында

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін депутаттар қосымша карантин шараларын ұлттық деңгейде енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынған болатын. Олар тіпті, "қажет болса, шалғай ауылдардың тұрғындарын тестілеуден өткізу үшін және ауруларды бос емханаларға эвакуациялау үшін санитарлық пойыз ұйымдастыру керек", - деп санайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары