$ 494.87  520.65  4.91

COVID-19: Елордада жүкті келіншектерге жеке перзентхана ашылады

Қазіргі кезде жұмылдырылған стационарлар саны 10-ға жетті.

Елордада коронавирус жұқтырған аналар 17 нәрестені дүниеге әкелді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қазірге дейін қаланың инфекциялық стационарларында коронавирус жұқтырған аналар 17 нәрестені дүниеге әкелді. Жалпы, Нұр-Сұлтан қаласында инфекцияға шалдыққан 112 жүкті әйел тіркелді. Оның ішінде стационарларда 78 жүкті әйел бар», - деді С. Қисықова Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен қатар, қазіргі жағдайға байланысты атқарылып жатқан шараларға тоқталды.

«Қазіргі кезде жұмылдырылған стационарлар саны 10-ға жетті. Қосымша провизорлық стационарлардағы орындар саны 300-ден 705-ке дейін жеткізілді. Бүгін жұмыс күні аяқталғанға дейін бөлек перзентханыны немесе COVID-перинаталдық орталықты ашу көзделген. Яғни, осы іс қайта бейіндеу есебінен жүзеге асырылады», - деді Сәуле Қисықова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары