Қазақстанда коронавирустан тағы 9 науқас көз жұмды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.
Нұр-Сұлтан қаласында 1964, 1952, 1951, 1938, 1950 жылы туған әйел және 1982 жылы дүниеге келген ер адам қайтыс болса, тағы екі қайғылы жағдай Алматы қаласында тіркелді (1960, 1969 жылы туған ер адам) және Шымкент қаласында 1979 жылы туған ер адам көз жұмды.
"Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады", - делінген хабарламада.
Қазақстан бойынша барлығы 97 адам қайтыс болды.
Нұр-Сұлтан қаласы – 21
Алматы қаласы – 15
Шымкент қаласы – 12
Ақмола облысы – 6
Ақтөбе облысы – 1
Атырау облысы – 3
Шығыс Қазақстан облысы – 1
Жамбыл облысы – 1
Батыс Қазақстан облысы – 6
Қарағанды облысы – 9
Қостанай облысы – 2
Маңғыстау облысы – 2
Павлодар облысы – 13
Түркістан облысы – 5.
Айта кетейік, бүгінге дейін республика бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 15 877 адамға жетіп, 9 902 науқас аурудан айығып шықты.