$ 444.32  473.33  4.76

Сырдың тарихи орындарын виртуалды музейден көруге болады

Бұл жобада Қызылорда облысының 150 археология және сәулет ескерткіші қамтылған. Олардың ішінде көне оғыз дәуірі, Алтын Орда кезеңіне жататын ескі шаһарлар мен ежелгі асарлар, қорымдар және басқа да Сыр тарихымен байланысты ескерткіштер туралы құнды мәліметтер бар.

Қызылорда облысының 3D-өлшемді интерактивті картасы тарихи ескерткіштерді көпшілік назарына ұсына отырып, таныту мақсатында жасалған жоба. Бұл жобада Қызылорда облысының 150 археология және сәулет ескерткіші қамтылған. Олардың ішінде көне оғыз дәуірі, Алтын Орда кезеңіне жататын ескі шаһарлар мен ежелгі асарлар, қорымдар және басқа да Сыр тарихымен байланысты ескерткіштер туралы құнды мәліметтер бар. Сонымен қатар, Қызылорда облысында орналасқан ескерткіштерге әр жылы жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде қол жеткізген археологиялық олжаларды көруге болады. Сыр ескерткіштерінің интерактивті картасы www.virtualmap.xyz сайтында орналасқан.

«Қызылорда облысының ескерткіштерінің интерактивті картасы – Сыр өңіріндегі тарихи орындарды 3D форматында көрсететін бірегей өнім. Былтырдан бері қолданысқа енген карта Қызылорда облыстық мәдениет басқармасының тапсырысы бойынша жүзеге асырылды. Жобаның бейне түсірілім, аударма, дыбыстау, орналастыру, 3D өлшемді модельдеу сынды жұмыстарына 15.000.000 теңге қаржы жұмсалды. Мұнда аймақтағы тарихи жерлер туралы ақпараттармен бірге видео, панорамды және 3D өлшемді нұсқасын көруге болады. Кез келген адам осы сайтқа кіру арқылы Қызылорда облысындағы барлық тарихи ескерткіштер туралы мәлімет ала алады. Тіпті, шетелдіктердің де Сыр бойындағы орындармен виртуалды түрде танысуына мүмкіндік жасалған. Өйткені, интерактивті картадағы тарихи орындар туралы ақпараттар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде берілген. Әсіресе, қазіргі пандемия кезінде кез келген адамның тарихи мекендер туралы ақпаратпен қатар, рухани азық алуына ықпалы зор деген сенімдеміз», - дейді «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ-нің директоры Сәбит Ибадулла.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#музей