$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда демалыс күндері шектеу шаралары күшейеді

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қосымша шаралар қарастырылған.
Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Қазақстанда демалыс күндері шектеу шаралары күшейеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысы өтті. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қосымша шаралар қарастырылған.

20-21 маусым күндері Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларында:

- Сауда орындары мен базарлардың, желілік дүкендердің жұмысы тоқтайды; 

- Қоғамдық көлік қатынасы шектеледі;

- Саябақтар, скверлер, жағажайлар мен аквапарктер жабылады;

- Фитнес орталықтар қызметін уақытша тоқтатады;

- 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуы шектеледі;

- Тек ашық аспан астындағы қоғамдық тамақтану орындарының жұмысына ғана рұқсат етіледі (әлеуметтік ара қашықтық сақталуы тиіс);

- Сондай-ақ осы қалаларға жақын орналасқан туристік аймақтарға кіру жабылады.

Халық саны 50 мың адамнан асатын елді мекендерде саябақтар, скверлер, жағалаулар мен аквапарктердің жұмысы уақытша тоқтатылады. 

Жасы 65-тен асқан адамдардың көшеге шығуы шектеледі.

Үкімет басшысы өңірлердің әкімдіктеріне қысқа мерзім ішінде мына мәселелерді пысықтауды тапсырды:

- медициналық ұйымдар базасында қосымша зертханалар ашу арқылы халықты ПТР-тестілеумен қамтуды кеңейту;  

- ауруханаларда инфекциялық және провизорлық орындар санын көбейту;

- меншік нысанына қарамастан, өңірде бар ресурстарды тарта отырып, науқастарды КТ-зерттеумен қамтамасыз ету;

- жедел медициналық жәрдем станцияларының шұғыл және кезек күттірмейтін шақыруларға уақытылы қызмет көрсетуін қамтамасыз ету;

- үйлерінде жатқан пациенттерге амбулаторлық-емханалық көмек деңгейінде сапалы динамикалық бақылау жасау (қашықтан, мобильді бригадалардың көмегімен);

- халыққа белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары