$ 498.34  519.72  4.85

Тақ пен билік: Алтын Орданы кімдер басқарды?

Одан әрі оқушылар Алтын Орданы билеген хандар туралы деректерге тоқталып, хандардың қай жылдары ел басқарғандығы, ел билеу ісіндегі ерекше әдіс-амалдары жайлы айтып берді.

Алтын Орданың 750 жылдығына орай Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының, Т.Көмекбаев ауылындағы №185 орта мектебі «Тақ пен билік» тақырыбындағы зерттеу жұмысын желі оқырмандарының назарына ұсынды. Тарих пәнінің мұғалімі Қаламқас Қанатова Алтын Орда хандары туралы қызықты мәліметтермен бөлісті.

«Алтын Орда – Жошы ұлысына құрылған алғашқы мемлекеттердің бірі. 1243-1503 жылдар аралығында өмір сүрген ұлыстың орталығы бастапқыда Сарай Бату болып, кейіннен Сарай Беркеге көшірілді. Алтын Орданың алғашқы билеушісі – Батый хан. Мұсылман деректерінде Батый ханның өте әділ басқарушы болғаны жазылған. Өйткені, Батый хан мұсылман елдеріне әркез қолғабыс жасап, мешіттер салдырып берген. Батый ханнан кейін хан тағына отырған Берке хан 1257-1267 жылдарда билік құрған. Берке ханның тұсында Алтын Орда ірі мемлекет болып жарияланды. 1260 жылы Берке хан Сарай қаласын салдырады. Берке ханнан кейін билікке келген Мөңке хан тұсында мәдени жаңалықтар көп болды. Ал, Алтын Орданың гүлденуіне үлес қосқан хандардың бірі – Тоқтахан. Оның заманында Алтын Орда Иран, Кавказ елдерімен сауда қарым-қатынасын жандандыра түсті. Одан әрі бұл мемлекеттің қарыштауына ықпал еткен хандар Өзбек пен оның баласы Жәнібек хан болатын. Өзбек хан жаңа ғимараттар мен мешіттер салдырып, ислам дінінің қанат жаюына септігін тигізді. Өзбек хан басқарған кезеңде Алтын Ордада ислам діні мемлекеттік дін болып бекітілді. Дегенмен, Алтын Орда заманының дүрбелеңге толы кезі де болды. Жәнібек ханды үлкен баласы Бердібек хан өлтіргеннен кейін Алтын Ордада алауыздық басталған еді. 1357-1380 жылдар аралығында, яғни 23 жыл ішінде Алтын Ордада 25 хан ауысқан екен. Билік үшін, тақ үшін таласқан бауырлар бірін-бірі өлтіріп отырған. Мемлекеттің әлсіреуіне Ақсақ Темірдің жойқын күштері әсер етті. Осылайша ХV ғасырдың екінші жартысында Алтын Орда, Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Сібір, Қазан, Астрахань хандықтары болып жеке бөлініп кетеді. 1502 жылы Алтын Орданың соңғы билеушісі қайтыс болғаннан кейін бұл мемлекет толығымен жойылады. Осындай үлкен тарихы бар Алтын Орда мемлекетінің құрылғанына биыл 750 жыл толып отыр», - деді тарихшы ұстаз.

Одан әрі оқушылар Алтын Орданы билеген хандар туралы деректерге тоқталып, хандардың қай жылдары ел басқарғандығы, ел билеу ісіндегі ерекше әдіс-амалдары жайлы айтып берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алтын Орда