$ 448.89  477.93  4.76

Елімізде коронавирустан тағы 5 адам көз жұмды

Айта кетейік, бүгінге дейін республика бойынша 16 351 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды.

Қазақстанда коронавирустан 5 адам қайтыс болды, деп хабарлады ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.

1962 және 1965 жылы дүниеге келген екі азамат Алматы қаласында, 1956 жылы туған ер кісі Қарағанды облысында, 1980 жылы туған науқас Ақмола облысында және 1988 жылы туған адам Нұр-Сұлтан қаласында көз жұмды.

"Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Қазақстан бойынша барлығы 105 адам қайтыс болды.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы – 25
Алматы қаласы – 17
Шымкент қаласы – 12
Ақмола облысы – 7
Ақтөбе облысы – 1
Атырау облысы – 3
Шығыс Қазақстан облысы – 1
Жамбыл облысы – 1
Батыс Қазақстан облысы – 6
Қарағанды облысы – 10
Қостанай облысы – 2
Маңғыстау облысы – 2
Павлодар облысы – 13
Түркістан облысы – 5.

Айта кетейік, бүгінге дейін республика бойынша 16 351 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус