$ 494.87  520.65  4.91

Бурабай мен Зеренді демалыс күндері жабық болады

Тағы бір туристік аймақ – Зерендіде 3 блок-бекет қойылады.

Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты қосымша шектеу шараларын енгізуге байланысты туристік аймақтар алдағы демалыс күндері – 20-21 маусымда жабық болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Ішкі саясат департаментінің мәліметінше, Бурабай мен Зеренді елордаға жақын орналасқан санаторий-курорттық орындар болғандықтан, демалыс күндері демалушыларды қабылдамайды.

Жергілікті Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының хабарлауынша, 19 маусымда сағат 18:00-ден бастап осы демалыс орындарының кіре берістеріне 9 блок-бекет орнатылады.

«Щучинск - Бурабай курорттық аймағында 6 блок-бекет жұмыс істейді. Демалыс күндерін өткізгісі келетіндердің саны аптаның соңында күрт артады. Негізінен, Нұр-Сұлтан мен Көкшетаудан демалғысы келетін адамдар бізге келеді. Біз демалушыларды шектеу бойынша қабылданған шараларға түсіністікпен қарауға шақырамыз және осы күндері Бурабайға сапар шегуден бас тартуды сұраймыз», – деді басқарма бастығы Серәлі Жолдасбаев.

Тағы бір туристік аймақ – Зерендіде 3 блок-бекет қойылады. Алайда, қазіргі уақытта Бурабай мен Зеренді аймағында жүрген туристер өз демалысын жалғастырып, санитарлық талаптарды сақтауы тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары