Орта салмақтағы IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының YouTube-тегі The Lockdown Tapes арнасына сұхбат берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Сұхбат барысында Головкинге спорттық карьерасының аяқталуы туралы сұрақтар қойылған.
«Қазір өз ісімнен ләзәт аламын. Отбасым немесе жеке басыма қатысты ұстанымдар кері тартпайды. Бокспен айналысуға уақытым бар, содан рахаттанамын. Ал бокстан ләзәт алмай қалған уақытта бәрін қоятыным сөзсіз. Сонымен қоса, денсаулығым сыр бере бастаса да тоқтатамын», - деп жауап берген спортшы.
Головкиннің айтуынша, қазіргі таңда өз басына жетерліктей карьера жасаған. «Бірақ адамның жаратылысы сол, бәрібір аз болып тұрады. Дамытуға болатын түрлі бағыт бар - рекорд, ақша, жетістік. Басқасы не қалайтыныңа байланысты. Әл әзірге қарапайым адамның өмірін кешетінімді елестете алмаймын. Өйткені іштегім, боксқа ұмтылысым ешқашан өлмейді. Қазір көрсетіп жатқаным менімен мәңгі қалады, адам өзгермейді», - дейді Головкин.
38 жастағы Головкин кәсіпқой рингте 2006 жылдан өнер көрсетіп келеді. Осы уақытқа дейін барлығы 42 жекпе-жек өткізген.