Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың жағдайы жақсы екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жағдайы жақсы, ауру симптомсыз өтіп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Нұрсұлтан Назарбаевтың жағдайы жақсы, ауру симптомсыз өтіп жатыр. Дене қызуы тұрақты, КВИ-ге тән белгілер байқайлмайды. Қазақстанның тұңғыш президенті дәрігерлердің бақылауында. Олардың мәліметінше, алаңдауға еш негіз жоқ», - деп атап өткен Айдос Үкібай.
Елбасы бүгінде қашықтықтан жұмыс істеп жатыр. Баспасөз хатшысының айтуынша, уайымдауға еш себеп жоқ.
«Ол бірнеше мемлекет басшыларынан қоңырау қабылдап, өзіне келіп түсіп жатқан барлық телеграммаларды оқып шығуға тырысуда. Еліміздің тұңғыш президентіне тек қана ел басшылары ғана емес, мәдениет қайраткерлері, ЖОО басшылары, қоғам қайраткерлері мен халық әртістері де білдіріп жатыр. Нұрсұлтан Назарбаев халқының асқан қамқорлығына тәнті болуда», - деді Үкібай.