$ 445.66  474.58  4.78

Қостанайда полицейді пышақтап өлтірген ер адам 19 жылға сотталды

Ең қатаң режимдегі мекемеде өткізу туралы үкім шығарды.
Фото: alau.kz
Фото: alau.kz

22 маусымда полиция қызметкері Дархан Базарбаевты өлтірді деп айыпталған Михаил Прокуратовқа қатысты Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үкім шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Алау басылымының хабарлауынша, сот Прокуратовты 19 жылға бас бостандығынан айыру жазасын ең қатаң режимдегі мекемеде өткізу туралы үкім шығарды.

Еске сала кетсек, 19 қаңтарда 102 нөміріне Тобыл қаласындағы (Затобольск) Комсомольская көшесінің бойындағы үйде отбасылық жанжал шыққаны туралы шұғыл қоңырау келіп түсті. Патрульдік полицияның экипажы шағым бойынша оқиға орнына келді. Полиция сержанттары Дархан Базарбаев пен Амангелді Сыздықов келгенде бұрын сотталған 28 жастағы мас Тобыл тұрғыны өзінің бүкіл отбасын өлтіремін деп қорқытып, қоқан-лоқы жасап жатқан.

Туыстары оның бұзық ниетін байқап, пышаққа үйге жүгіргенде сыртынан есікті жауып тастаған. Содан соң полиция шақырған. Мас еркекті сабасына түсіріп, оны залалсыздандыру үшін полиция қызметкерлері есік ашып, оның қолындағы пышақты қағып түсіреді. Бірақ ол полиция қызметкерлерінің біріне пышақ сұғып үлгереді. Жедел жәрдем келгенше ол оқиға орнында көз жұмды. Ол 25 жаста еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары