Қала басшылығы халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін уақтылы шаралар қабылдауда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Әкімдік қалалық дәріханаларда вирусқа қарсы дәрі-дәрмектердің болуын үнемі қадағалап отырады. Елордада коронавирус инфекциясы жағдайларының көбеюіне байланысты вирустық инфекциялық аурулардың алдын-алу үшін қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге ерекше назар аудару қажет.
«Елордалық дәріханаларда тұрғындарға қажетті барлық дәрі-дәрмектер болуы керек. Дәрі-дәрмектердің негізгі ассортиментінің болуын бақылау қажет. Дәріханаларға дәрі-дәрмектерді уақтылы және жеткілікті мөлшерде сатып алу керек. Біз көтерме дәріхана ұйымдарына Нұр-Сұлтан қаласының дәріханалық ұйымдарына дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды үздіксіз жеткізуді ұйымдастыруды тапсырамыз», – деді Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен дәріхана желілері басшыларымен онлайн-кездесуде.
«Нұр-Сұлтан қаласының фармацевтикалық ассоциациясы» заңды тұлғалардың қоғамдық бірлестігі директоры Гүлнарай Алмурзинаның айтуынша, кейбір дәрі-дәрмектердің тапшылығы байқалады.
«Өткен аптадан бастап қала тұрғындары вирусқа қарсы препараттар, азитромицин антибиотиктерін сатып алды. Біз анализ жүргізіп, дәрі-дәрмектердің 41 атауы көрсетілген кесте құрдық. Мемлекеттік агенттіктің дәрі-дәрмектерді халыққа қанша мөлшерде таратуға болатындығы туралы меморандумға қол қоюға шешім қабылданды. Ал антибиотиктер мен рецепт бойынша дәрі-дәрмектер, бұрынғыдай, дәрігердің нұсқауымен ғана жіберіледі», – деді Г.Алмурзина.
Сонымен бірге, ол дене қызуын түсіретін дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігін ескере отырып, олардың балама нұсқалары барына назар аударды: «Панадол», «Эфералган», «Ибупрофен», «Ибуфен», «Миг», «Новиган», олар дәріханаларда бар.
24 маусымдағы жағдай бойынша коронавирус жұқтырудың 3484 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 2 501 науқас (69%) емделіп шықты және 38 өлім жағдайы (1,1%) болды.
Күнделікті пневмониямен ауруханаға түсетін науқастардың саны артты, олардың әр екіншісі вирустық пневмония. Олардың 90 -ының жағдайы орташа ауыр. Осыған байланысты медициналық ұйымдар мен дәрігерлерге үлкен жүктеме жүктеледі. Әкімнің орынбасары азаматтарды коронавирус инфекциясын жұқтырмас үшін қатаң санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды: маска, қолғап киіп, қолды сабынмен жиі жуып, әлеуметтік қашықтық сақтау қажет.