$ 494.87  520.65  4.91

«Бұл тапсырыс емес»: Алматыда Димаш Құдайбергеннің құрметіне мурал салынып жатыр (ФОТО)

Эмульция, аэрозоль баллонын пайдаланып, әдемі қылып салғым келеді.

Алматыда әнші Димаш Құдайбергеннің құрметіне мурал салынып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әншінің портреті Қабанбай батыр және Сәкен Сейфуллин көшелерінің қиылысында орналасқан үйдің қабырғасына салынып жатыр.

Фото: Алихан Сариев

Авторы - Алматының 26 жастағы тұрғыны Батыр Сәдуақасов.

Батыр Алматыда муралды алғаш рет салып жатыр. Бұған дейін ол комикс, кітаптардан көрнекі сурет салған және стрит-артпен айналысқан. Айтуынша, әлемге танымал жұлдыздың суретін салуға өтініш айтқан.

"Мен референсті ұзақ таңдадым. Жүзінде екі қарама-қайшы түстің үйлескен фотосын іздедім. Мысалға, жасыл мен қызғылт, екеуі қарама-қайшы болса да, үйлесіп, беті көрініп тұратындай. Эмульция, аэрозоль баллонын пайдаланып, әдемі қылып салғым келеді. Бұл тапсырыс емес, мұны өнерге деген құрметім үшін жасап жатырмын", - деді суретші.

Алматы әкімдігіндегілер мурал жеке адамдардың бастамасымен салынып жатқанын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары