$ 494.87  520.65  4.91

Елбасының денсаулығына қатысты тың дерек белгілі болды

Экс-президент те дәрігерлердің кеңесіне құлап асыпты.
фото: stan.kz
фото: stan.kz

ҚР-ның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың хал-жағдайы туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай баяндады. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды.

Баспасөз хатшысының сөзіне сүйенсек, отандық БАҚ өкілдері соңғы күндері Елбасының денсаулығы жайлы көп сұрақтар жолдапты.

Осыған орай, Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында: "Соңғы кездері БАҚ тарапынан Елбасының денсаулығы туралы көп сұрақтар келіп түсті. Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығы жақсы екендігін хабарлағым келеді. Ол дәрігерлердің кеңесіне құлақ асып, өзін-өзі оқшаулау режимін жалғастырып жатыр", - деп жазды.

Тағы оқи отырыңыз: «Дене қызуы тұрақты, КВИ-ге тән белгілер байқалмайды»: Айдос Үкібай Елбасының жағдайының жақсы екенін айтты

Естеріңізде болса, осыған дейін біз Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус жұқтырып алғанын хабарлаған болатынбыз. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары