$ 498.34  519.72  4.85

Армяндар Таулы Қарабақтағы жағдайдың ушығуына Ердоғанды айыптауда

Таулы Қарабақтағы жағдай қайта шиеленісіп кетті. 2 сәуір күні таңертең белгілі болғандай, Армения мен Әзірбайжан әскерилері қарулы қақтығысқа барып, салдарынан әзірбайжандық 12 азамат қаза тапқан. Олардың қатарында сарбаздармен бірге бейбіт тұрғындар да бар. Сондай-ақ, бірнеше адам жазаланды.

Мойындалмаған Таулы-Қарабақ республикасы президентінің баспасөз-хатшысы Давид Бабаянның айтуынша, аймақтағы жағдайдың күрделеніп кетуіне Түркияның тікелей қатысы бар болуы әбден мүмкін. "Біз бұған дейін де айтып келдік, мәселенің ушығуына жалғыз Әзірбайжан кінәлі емес. Оған өзге бір ел қолдау көрсетіп отыруы бек мүмкін және ол елдің Түркия болуы ғажап емес" деді Бабаян.

Ал, Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған болса өзіне тағылған айыпқа қатысты әлі пікір білдірген жоқ. Ол Әзірбайжан президенті Илхам Әлиевке телефон арқылы хабарласып, қайғысына ортақтасып көңіл айтты. Сондай-ақ, жараланған әзірбайжандардың тезірек сауығып кетуін тіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары