$ 445.66  474.58  4.78

Таулы Қарабақта қаза тапқандар саны 30 адамға жетті

2 сәуір күні Таулы Қарабақта орын алған қарулы қақтығыс салдарынан 18 армян және 12 әзірбайжан азаматы қаза тапты деп хабарлайды BBC News. Жарақат алғандар саны да аз емес.

Армения президенті Серж Саргсян бүгін телеарналардың бірінен аймақтағы жағдайға байланысты баяндама жасады. "Біздің тараптан 18 сарбаз қаза тауып, 35 адам жараланды" деді Саргсян өз баяндамасында. Дегенмен ол көз жұмғандардың тұрақты әскер сарбаздары немесе Қарабақтағы ерікті жауынгерлер екенін айтқан жоқ.

Ал, Әзірбайжан тарапы болса 12 азаматынан айрылды. Сондай-ақ, бір МИ-24 тікұшағы мен әскери танк жарылған. Қос елдің сыртқы істер министрліктері бір-бірін айыптап, баспасөз мәжілісін өткізіп үлгерді.

Ресми Баку әзірбайжандық әскерилердің шабуылға ұшырағанын айтса, Армения билігі кері мәлімдеме жасауда. Белгілісі, қос тарапта да қаза тапқандар қатарында кішкентай балалар бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары