$ 447.4  477.55  4.76

Президент коронавируспен күрес жағдайына байланысты жаңа тапсырма берді

Коронавирустан 150 адам көз жұмды.
фото: sputniknews.kz
фото: sputniknews.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға байланысты Үкімет мен Денсаулық сақтау министрлігіне жаңа тапсырма берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Үкіметке және Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа басшылығына келесі аптада коронавирус жағдайын тұрақтандыру, оның одан әрі таралуына жол бермеу, ауруханалар мен емханалардағы азаматтарға көрсетілетін қызметті жақсарту жөнінде қосымша шаралар әзірлеп ұсыну тапсырылды", - деп жазды ол Twitter-дегі парақшасында.

Сoronavirus2020.kz сайтының дерегіне көзжүгіртсек, бүгінге таңға дейін Қазақстанда 20319 адам коронавирус жұқтырған, олардың ішінде, 12548 адам бұл індеттен жазылды, ал өкінішке орай, 150 адам көз жұмды. 

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі болған Елжан Біртанов өз еркімен лауазымын босатқан, оның орнына Алексей Цой министр қызметіне тағайындалды. Ол жаңа қызметке келе салысымен орынбасарларын ауыстырғаны туралы біз ақпарат жариялаған едік. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары