$ 449.58  486.94  4.86

Салымшылардың ақшасын алып, Дубайға қашып кеткен тағы бір құрылысшы экстрадицияланды

Салымшылардың ақшасын алып, Біріккен Араб Әмірліктеріне қашып кеткен Қазақстан азаматы Мирхат Әлімбетовті прокурорлар елімізге экстрадициялады деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Күдікті мінген ұшақ бүгін таңертең Астана әуежайына қонған.

"Әлімбетов "Какаду" ЖШС-нің құрылтайшысы және директоры бола тұра, 2005-2008 жылдар аралығында Астанада "Қыпшақ" тұрғын үй кешенін салу кезінде салымшылардың 397 043 330 теңгесін және мемлекет бөлген 434 541 991 теңгені талан-таражға салып, өз қалтасына басқан деп айыпталуда" делінген прокуратура таратқан хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, Әлімбетовтың Дубайда жүргені 2012 жылы анықталып, ұсталған. 4 сәуір күні құқық қорғау органдары оны Қазақстанға экстрадициялауға шешім қабылдаған. Қазақстан мен БАӘ арасында қылмыскерлерді беру туралы келісімнің бар екенін айта кету керек. Қазір Әлімбетов Астана қаласындағы уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Жалпы, соңғы екі жылда Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға 8 адам экстрадицияланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары