$ 498.34  519.72  4.85

Кореяға емделуге барған Қазақстан азаматы минаға түсіп қалған

Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореяда минаға түсіп қалды деп хабарлайды "Новости-Казахстан" ақпараттық агенттігі. Сеул клиникаларының бірінде шұғыл операция жасалғаннан кейін оның жағдайы түзелген, дегенмен, науқас аяғындағы төрт бірдей саусағынан айрылып отыр.

Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, жарақат алған азамат 1962 жылы туған. Өзінің айтуынша, 31 наурыз күні Солтүстік Кореямен ірглес орналасқан Канвон провинциясына келіп, сол жердегі фермалардың біріне жұмысқа тұрған. Бұл елге келудегі негізгі мақсаты емделу болған көрінеді.

Оқиға 4 сәуір күні орын алды. Қазақстан азаматы 1951-1953 жылдары Корей соғысы кезінде орнатылған миналардың бірін басып кеткен. Оқиға орнына дереу жедел-жәрдем келіп, жәбірленушіні тікұшақпен Сеулдегі клиникалардың біріне жеткізді. Қазір оның жағдайы бірқалыпты" делінген СІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары