$ 448.15  483.46  4.86

Ұлыбританияның қылмысқа қарсы ұлттық агенттігі Назарбаевтың немересіне ақша бермек

Әлиевтер отбасының өкілдері сот бұл шешімге іс барысында келгенін жеткізді.
фото: m.azh.kz
фото: m.azh.kz

Ұлыбританияның қылмысқа қарсы ұлттық агенттігі (NCA)Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұрали Әлиевке қарсы іс қозғап, артынша жеңіліс тапқандықтан сот шығынына кеткен 1,5 миллион фунт стерлинг көлеміндегі қаражатты (шамамен 745 млн теңге) өтейтін болды. Бұл туралы Әлиевтердің Лондондағы өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz , РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

Әлиевтер отбасының өкілдері сот бұл шешімге іс барысында келгенін жеткізді.

"NCA 8 шілдеге дейін 500 мың фунт стерлинг (шамамен 248 млн теңге) төлеуі керек", - дейді олар. 

Бұған қоса порталға сұхбат берген отбасы өкілі жалпы қаражат мөлшері 1,5 миллион фунтты құрайтынын айтқан. 

Айта кетейік Лондонның жоғары соты Нұрали Әлиевтің құны 80 миллион фунт стерлинг (104 миллион доллар) болатын үйіне қатысты дауда Назарбаевтың немересінің жағына шығыпты. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары