$ 448.15  483.46  4.86

Шымкентте кішкентай екі баланы қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Шымкентте 24 жастағы жергілікті тұрғын көлігімен 9 және 7 жасар екі баланы қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кетті деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі. Алған дене жарақатары салдарынан 7 жасар қыз оқиға орнында көз жұмса, ұл бала ауыр халде ауруханаға жеткізілген.

Оқиға Шымкенттегі Бәйдібек би гүлзарында бүгін таңғы сағат 08:40 шамасында орын алды. «Мерседес-бенц» көлігін тізгіндеген 1992 жылғы жергілікті тұрғын жоғары жылдамдықта келіп, жаяу жүргіншілер жүретін бөлікпен өтіп бара жатқан екі баланы қағып кеткен. Жәбірленушілерге көмек көрсетудің орнына жүргізуші оқиға орнынан бой тасалапты. Алдын ала болжам бойынша, бүлдіршіндер мектепке бара жатқан болуы керек. 

Шұғыл іздеу жұмыстарын жүргізген шымкентік полицейлер күдіктінің ізін суытпай қолға түсірді. Қазір ол уақытша ұстау абақтысына жабылған, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары