$ 443.35  475.54  4.82

Ақтөбеде 17 жылға сотталған педофил өз кінәсін мойындамай отыр

Ақтөбеде бес жасар қызды зорламақ болған педофил сотталды. Енді 35 жастағы Бақыт Молдағарин 17 жыл өмірін түрмеде өткізеді деп хабарлайды KTK телеарнасы.

Жарты жылға созылған тергеу барысында сотталушы өзіне тағылған айыпты мойындамады. Тіпті өзін ақтауға үш бірдей адвокат жалдап, қарындасы да қоғамдық қорғаушы ретінде тартылған болатын. Дегенмен, бірнеше мәрте тағайындалған сот-медициналық сараптама қортындысы Молдағариннің сөзін жоққа шағырған.

Айта кетелік, былтыр қыркүйекте аулада ойнап жүрген 5 жасар бүлдіршінді белгісіз біреу сүйрелей жөнелген. Еңгезердей еркек үйіне апарып зорламақ болады. Сол кезде сотталушының әкесі келіп араша түскен көрінеді. Істі қараған алқа билер Бақыт Молдағаринді кінәлі деп таныды. Сондай-ақ, жазасын қатаң тәртіптегі түрмеде өтейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары