$ 494.87  520.65  4.91

Үйінде пневмониядан емделіп жатқандар қандай дәрі-дәрмекті тегін алады

Тегін дәрілер тізіміне антибиотиктер мен дене қызуын түсіретін дәрілер кіреді.
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Пневмония, ЖРВИ және КВИ-дің жеңіл түрі бойынша үйінде емделіп жатқан қазақстандықтар дәрі-дәрмекті тегін ала алады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

Бұл жайлы ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.

«Қазіргі таңда МӘМС аясында тегін дәрі-дәрмек пен препараттардың тізімі жасалды. Яғни ЖРВИ мен пневмониядан үйінде емделіп жатқандар осы дәріні ала алады. Бұған дейін емхана дәрігерлерімен кеңес өткізген едік. Сол жиында аталған тізім аясында COVID-19 инфекциясына ұқсас және пневмониямен ауырғандарды тегін дәрімен қамти алатынымыз туралы шешімге келдік», - деді Айжан Есмағамбетова ОКҚ-дағы баспасөз мәслихатында тілшілердің сұрағына жауап беріп.

Тегін дәрілер тізіміне антибиотиктер мен дене қызуын түсіретін дәрілер кіреді. «Ол дәрі-дәрмекті емханалардың жанындағы мобильді топтар тегін жеткізіп береді», - деген Айжан Есмағамбетова әкімдіктерге қосымша дәрі-дәрмек алу міндеті жүктелгенін айтып өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары